Введите номер документа
Прайс-лист

Кәсіптік стандарт: «Көлік түріне қарамастан жолаушылардың жүктерін немесе багажын тиеу және түсіру» (Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 114 бұйрығына 3-қосымша)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 4 мая 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 8 мая 2026
Дата последнего измененияпонедельник, 4 мая 2026

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің м.а.

2026 жылғы 4 мамырдағы

№ 114 бұйрығына 3-қосымша

 

 

 

Кәсіптік стандарт: «Көлік түріне қарамастан жолаушылардың жүктерін немесе багажын тиеу және түсіру»

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Көлік түріне қарамастан жүктерді немесе жолаушылар багажын тиеу және түсіру» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі №377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес әзірленген және білім беру бағдарламарын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін тануға және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) ақау өнім - бұл белгіленген сапа стандарттарына сәйкес келмейтін бұйымдар немесе тауарлар;

2) ауыспалы жүк қармау құрылғылары - бұл жүктерді ұстауға, көтеруге және жылжытуға арналған алмастырмалы құрылғылар (мысалы, ілгектер, айырлы қондырмалар, қармауыштар);

3) бекіту - бұл тасымалдау барысында жүктің жылжуын немесе бүлінуін болдырмау үшін оны бекіту тәсілдері мен құралдары;

4) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

5) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!