«Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 26 қарашадағы № 619 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) Заңның 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін (бұдан әрі - тізбе) айқындайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын әкімшіге қағаз жеткізгіште жіберуді көздейтін Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.