«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 908 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 19-3) және 19-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-3) халықаралық мектептер мәртебесін беру ережелерін әзірлеу және бекіту;
19-4) халықаралық мектеп мәртебесін беру;»;
146) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 146-1) тармақшамен толықтырылсын:
«146-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім беруді басқару органдары бірінші басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;»;
167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«167) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 190-1), 190-2), 190-3), 190-4), 190-5) және 190-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«190-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
190-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;