«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 154 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (бұдан әрі - әкім аппараты) - әкімнің және жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) қызметін қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын мемлекеттік мекеме.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.»;
12-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту жоспарын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;»;
12-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;»;
13-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: