Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ...

Информация о документе
Датапятница, 12 октября 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 12 октября 2007

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Оңтүстіксушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі Оңтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне Шардара су қоймасын құрылыстарымен қоса беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 939 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Оңтүстіксушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне қабылдау-беру актісі бойынша «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамына уақытша басқаруға берілген Шардара су қоймасы заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыстарымен қоса берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.

3. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

«Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 63) тармақшасымен толықтырылсын:

«63) Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасы».

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом