«Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 342/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13330 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-17) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 143) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: