«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № ҚР ДСМ-38 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай редақцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 35) және 37) тармақшалары алып тасталсын;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Өнім берушілердің – бекітілген халыққа амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне (бұдан әрі – АЕК қызметтері) ақы төлеу:
1) бекітілген халыққа АЕК қызметтерін көрсеткені;
2) шұғыл шақыртудың 4-санатына қызметтер көрсету үшін бекітілген халыққа тәуліктік кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсеткені;
3) ақуыз мөлшері төмен мамандандырылған емдік өнімдермен және фенилаланин мөлшері төмен өніммен қамтамасыз еткені;