«Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 439 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16462 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қатысушы мемлекеттік кірістер органына электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық түрде ұсынады.
Өтінішті ұсыну күні жүйеде қабылданған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде халықаралық топтың қатысушысына жіберілетін электрондық хабарламада көрсетілген, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.
Егер есептілікті табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, табыс ету күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық қамтамасыз етуінде техникалық ақаулықтар анықталған кезде қатысушы азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы немесе электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы өтінішті электрондық түрде ұсынады. Мұндай жағдайда өтінішті ұсыну күні көрсетілген платформада немесе жүйеде тіркелген күні болып табылады.