Введите номер документа
Прайс-лист

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісім (Уфа, 2015 жылғы 10 шілдеде)

Информация о документе
Датапятница, 10 июля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 29 октября 2016
Дата последнего измененияпятница, 10 июля 2015

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара
 мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы

келісім
(Уфа, 2015 жылғы 10 шілдеде)

 

ҚР 2016 жылғы 15 наурыздағы № 471-V Заңымен ратификацияланды

 

2016 жылғы 29 қазанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,

2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,

ұлттық заңнаманы және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

Тараптардың шекара маңындағы аумақтарында мемлекеттік шекараларды күзету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауды нығайту мақсатында,

шекара саласындағы қатерлерге қарсы күреске бағытталған тиімді шараларды қабылдауда өзара мүдделілікті негізге ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімнің мақсаты үшін онда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«Шекара қызметі» - Тараптардың мүдделі органдарының мемлекеттік шекараны күзету және ол арқылы адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жануарлар мен өсімдіктерді өткізу жөніндегі ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын қызметі;

«Шекара маңындағы аумақ» - әрбір Тараптың, Тараптардың заңнамасына сәйкес, шекаралық қызмет жүзеге асырылатын мемлекеттік шекараға, шекаралық өзендерге, көлдерге және өзге де су айдындарына, теңіз жағалауының маңына іргелес аумағы, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің аумағы.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптардың жауапты құзыретті органдары (бұдан әрі - құзыретті органдар):

Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

Қытай Халық Республикасынан - Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом