«Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 77 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 88 және 89-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17076 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Геологиялық түсірілім және геофизикалық зерттеулер кешенінде геологиялық және геофизикалық әдістер көмегімен анықталатын геологиялық міндеттері, осы әдістер мен жұмыс түрлерінің ұтымды кешені негізделген.
Геофизикалық жұмыстар кешенінде жеке әдістермен шешілетін геологиялық тапсырмалар анықталады. Тиісті аспаптар мен жабдықтарды таңдау негізделген. Қалыптасқан жағдайлардан ауытқуларды ескере отырып, қиындық санаттарына, өндіріс көлігінің түрі мен коэффициенттеріне негізделген. Негізгі және қосалқы жұмыстар көлемі көрсетіледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі:
1) оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
2) жұмыстарды жобалау кезінде пайдаланылатын негізгі нормативтік құжаттардың тізбесі;
3) геологиялық барлау жұмысы процесінде жер қойнауын қорғау, жер қойнауының зиянды заттар мен өндiрiс қалдықтарымен ластануын болдырмау жөнiндегi іс-шараларды;
4) жұмыс ауданының экологиялық-экономикалық сипаттамаларын;