«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №1100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 251 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) емтихан комиссиясы - емтихан тапсырушы адамдардан емтихан қабылдау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері құрған комиссия;
2) емтихан тапсырушы адам - заңды тұлғаның басшысы немесе тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелері;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер;