Қостанай облысы әкімдігінің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 284 қаулысына 2-қосымша
Осы редакция 2018 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижелерiн беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және оның қалалар мен аудандардағы бөлімдері (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.еgоv.kz веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.