«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 568 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы заңының 17-бабының 17) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі алқасының 2015 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия жұмысының тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін уақытылы қарауды және шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 94 бұйрығына мындай өзгерістерді енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 568 бұйрығымен
бекітілді
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы ереженің 2-тарауында белгіленген мәселелер бойынша ұсыныстарды құзыретті органға пысықтауды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы заңы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциясы