28.09.2026
Азаматтардың өтініштерін қарау тəртібі туралы
Экономикалық дауларды қарау барысында сотқа жеке және заңды тұлғалардан әртүрлі сипаттағы өтініштер келіп түседі. Олардың қатарына талап қоюлар, арыздар, шағымдар, өтінішхаттар және сот ісін жүргізуге байланысты басқа да процестік құжаттар жатады.
Өтінішті дұрыс рәсімдеу - оны уақтылы әрі сапалы қараудың маңызды шарттарының бірі. Құжатта мәселенің мәні нақты көрсетіліп, өтініш берушінің талаптары мен оларды негіздейтін мән-жайлар баяндалуы қажет. Қажет болған жағдайда өтінішке тиісті құжаттар мен дәлелдемелер қоса беріледі.
Сотқа жүгіну - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды тетігі. Заңнама әркімге өзінің бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын сот арқылы қорғауға мүмкіндік береді.
Экономикалық соттарда қаралатын даулардың едәуір бөлігі кәсіпкерлік қызметпен, мүліктік қатынастармен, шарттық міндеттемелермен және заңды тұлғалардың өзара қатынастарымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай істерді қарау кезінде сот тараптардың құқықтары мен міндеттерін заң талаптарына сәйкес бағалап, ұсынылған дәлелдемелерді зерттейді.
Сотқа жүгінген тұлғаның өз талаптарын толық әрі шынайы баяндауы, талаптарын растайтын құжаттарды ұсынуы және процестік заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы маңызды.
Азаматтардың өтініштерін уақтылы және заң талаптарына сәйкес қарау - олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі.
Сотқа жүгінетін азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштерін қолданыстағы процестік заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеп, мәселенің мәнін нақты көрсетуге және қажетті дәлелдемелерді ұсынуға тиіс.
Ал мемлекеттік органдар мен соттар өз құзыреті шегінде өтініштерді қарау кезінде заңдылық, объективтілік және азаматтардың құқықтарын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.
Осылайша, өтініштерді қараудың белгіленген тәртібін сақтау азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының
мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сот әкімшісінің
бас маман-сот отырысының
хатшысы Б.Б.Авулова