«Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 277 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2012 ж., № 3, 443 бетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;
3) мүлік - сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;