«Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 600 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8473 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінің № 203 (28142) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шекаралық аймақ тұрғыны куәлігін ұзартқан жағдайда ол көші-қон қызметінің уәкілетті қызметкерінің қолымен және аумақтық ішкі істер органының елтаңбалы мөрімен расталады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: