ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
6-қосымша


Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
7-қосымша
«Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)»
салық есептілігін жасау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және салық агенті Салық кодексінің 307-бабындакөрсетілген резиденттерге табыстарын төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын(бұдан әрі - КТС) есептеу және уақтылы төлеуге, төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуге арналған КТС бойынша салық есептілігінің (есептің) (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 308-бабына сәйкес салық агенті жасайды.
2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
4. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.
5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.
6. Есеп жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық нысанда - Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.