Жамбыл облысы әкімдігінің 2015.31.12. № 332 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.15.02. № 23 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.15.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 мамырында № 11184 болып тіркелген) «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласы әкімдіктерінің білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының дайындығы туралы хабарлама не стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау