Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 8 шілдедегі
№ 195 бұйрығына
3 қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
(2023.27.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүгінеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)