Осы редакция 2021 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.30.01. № 33 бұйрығымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.31.05. № 205 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
4-қосымша
Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету
қағидалары
(2020.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады;
2) проактивті көрсетілетін қызмет - қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет.