«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына өзгерістер еңгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 716 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13181 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2016 жылғы 15 сәуреде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілег Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімде:
В2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты мамандар: - мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі |