Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 204 шешімі
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 190224 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер -582066123 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 140978704 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 17546732 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 0 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 423540687 мың теңге;
2) шығындар - 590126495 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 28995619 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 37606154 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 8610535 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу- 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -37055991 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 37055991 мың теңге:
қарыздар түсімдері -35106154 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7936823 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 9886660 мың теңге.»;
«3. 2024 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) корпоративік табыс салығы бойынша:
Қарағанды, Саран қалаларына - 50 пайыздан, Балқаш қаласына - 79 пайыз, Абай ауданына, Теміртау қаласына - 95 пайыздан, Приозерск, Шахтинск қалаларына, Нұра, Осакаровка, Шет аудандарына - 98 пайыздан, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандарына- 99 пайыздан;
2) жеке табыс салығы бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын: