«Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және арнаулы үй-жайлардың үлгілік ішкі тәртіптемесі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 531 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 386 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және арнаулы үй-жайлардың үлгілік ішкі тәртіптемесі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17283 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 тамызда жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау, тіркеу, жеке қарап-тексеру, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібін, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұсталған адамдарға қатысты адамды АҮ-ге отырғызу полиция органының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.