«Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына және «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 283 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық персоналға куәліктер беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеге орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналға куәліктер беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:
1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) алдыңғы ұшу тәжірибесі - куәлікті алуға өтініш берілгенге дейін сатып алынған және ұшу кітапшасындағы жазбалармен расталған, пайдаланудың тиісті жағдайларында ұшуды және ұшуды орындауды қамтитын кандидаттың ұшу тәжірибесі;»;
2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын: