«Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 158 Қаулысы
Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26733 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2), 3), 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«2) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;