Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
9-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық
алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.22.04. № 166 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;