Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 Қаулысы
(2017.06.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілсін:
1) «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
2) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
3) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»;