«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 және «Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 568 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 318 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15525 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».