Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАРДЫҢ АЛИМЕНТТЕРДІ ӨНДІРІП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ІСТЕРД...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 30 сентября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 30 сентября 2021

Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысы

(2021.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.

ҚР Жоғарғы Сотының 2021.30.09. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Алименттерді өндіріп алу жөніндегі дауларды қараған кезде соттар Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі - Конституция), «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (бұдан әрі - АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - ӘРПК) және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Алименттік міндеттемелердің туындау және олардың тоқтатылу негіздері, сондай-ақ алимент алуға құқығы бар адамдардың және оларды төлеуге міндетті адамдардың тізбесі, алименттерді төлеу және өндіріп алу тәртібі, алименттік міндеттемелерді белгілеумен және орындаумен байланысты өзге де қатынастар Кодекстің 5-бөлімімен реттеледі.

2. АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әке болуды анықтаумен байланысты алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюлар және алименттердің мөлшерін азайту туралы талап қоюлар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда қаралуға және шешілуге жатады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами