«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 527 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау туралы ережеде:
223-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 5-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларымен айқындалған жарналардан жалтарған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттемелері бойынша берешекті өндіріп алу үшін:
өндіріп алушы - мүліктің меншік иелерінің бірлестігі, пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиум объектісін басқару субъектісі куәландырған, нөмірленген, тігілген құжаттардың көшірмелері: