«Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 268-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірлері 15, 16, 17, 18 және 19-жолдар келесі редакцияда жазылсын:
«
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты кезінде |
| 15 | Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға берілген рұқсаттың болуы | Аэрозоль немесе фумигациялық әдістермен (салыстыру үшін түрнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариальды куәландырылған) пестицидтерді өндіруге формулациялау, пестицидтерді сатуға, пестицидтерді қолдануға берілген лицензияның көшірмесі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы | |