«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 64 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың орналасқан жері: пошталық индексі 021700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 28 үй.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Хромтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: