«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 304/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-қосымшада:
«1. Жер мониторингі» және «2. Жем-шөп алқаптарын геоботаникалық зерттеу» тараулары алып тасталсын;
«3. Топырақ бонитировкасы» тарауында:
13-параграф алып тасталсын;
«4. Жер санын есепке алу» тарауында:
21-параграф. «Топырақ зерттеу материалдары бойынша жер учаскесінің топырақ бонитетінің орташа балын есептеу» алып тасталсын;
22-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«22-параграф. «Жер-кадастрлық істерді сканерлеу
60-кесте
Өлшем бірлігі - 10 жер-кадастрлық іс
| Р/с№ | Жұмыс атаулары | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Архивтен жер-кадастрлық істі (ЖКІ) алу, іріктеу, толықтығын тексеру. | 424 |
| 2. | Сөгіп ашу (ЖКІ) | 995 |
| 3. | Сканерлеу (ЖКІ) | 1420 |
| 4. | Тігу (ЖКІ) | 1130 |
| 5. | Сканерленген ЖКІ тізілімін есепке алу және құру, оларды ақпараттық жүйеге беру және жүктеу | 408 |
| Жиыны | 4377 |
Ескерулер:
ҚҚС қоспағанда, бағасы»;
23-параграфтың тақырыбы мындай редакцияда жазылсын:
«23-Параграф. Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу»;
23-параграфтың 132-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
132. Жобаланатын жер учаскесінің орналасқан орнының (жерге орналастыру объектісінің шекаралары және олардың координаттары) мемлекеттік жер-кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкестігін тексеру.»;