«Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 160 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32037 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларында:
3-тармақта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ең төменгі (шекті) пайдалану температурасы (бұдан әрі - LOUT) - сұйықтықты қолданудың мынадай температураларының ең үлкені:
сұйықтық әуе кемесінің белгілі бір түріне (жоғары жылдамдықты немесе төмен жылдамдықты) аэродинамикалық қабылдау сынақтарына сәйкес келетін ең төменгі температура;
сұйықтықтың қату температурасы плюс қату нүктесінің (қосалқы) температуралық буфері I типті сұйықтық үшін 10 °C және II, III немесе IV типті сұйықтықтар үшін 7 °C;»;
20) мен 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«20) қанаттағы тұтқырлықтың ең жоғарғы мәні (бұдан әрі - HOWV) мұз қатуды кетіруге немесе аэродинамикалық критерийлерге сәйкес қолайлы мұзданудың пайда болуын болдырмауға арналған сұйықтықтың тұтқырлығының ең жоғарғы мәні;
21) қанаттағы тұтқырлықтың ең төменгі мәні (бұдан әрі - LOWV) - мұз қатуды кетіруге немесе ол үшін қорғаныс әрекетінің қолайлы уақытын қамтамасыз етілген жағдайда мұзданудың пайда болуын болдырмауға арналған сұйықтықтың тұтқырлығының ең төменгі мәні;»;