«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 635 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
«1-бөлім. Инвестициялық жобаларды (соның ішінде инвестициялық басым жобаларды), арнайы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 01-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 01 | Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету | 01.1 | Бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру | 01.11 | Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру |
| 01.12 | Күріш өсіру |
| 01.13 | Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру |
| 01.14 | Қант қамысын өсіру |
| 01.16 | Тоқыма дақылдарды өсіру |
| 01.19 | Өзге де бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру |
| 01.2 | Көпжылдық дақылдарды өсіру | 01.21 | Жүзім өсіру |
| 01.22 | Тропикалық және субтропикалық жемістерді өсіру |
| 01.23 | Цитрус жемістерін өсіру |
| 01.24 | Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру |
| 01.25 | Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтар өсіру |
| 01.26 | Құрамында майы бар жемістерді өсіру |
| 01.27 | Сусындар өндірісіне арналған дақылдарды өсіру |
| 01.29 | Басқа да көпжылдық дақылдарды өсіру |
| 01.3 | Өсімдіктерді молайту | 01.30 | Өсімдіктерді молайту |
| 01.4 | Мал шаруашылығы | 01.41 | Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру |
| 01.42 | Басқа да ірі қара малды және енеке өсіру |
| 01.43 | Жылқы және басқа да жылқы тұқымдас жануарларды өсіру |
| 01.44 | Түйе және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру |
| 01.45 | Қой және ешкі өсіру |
| 01.46 | Шошқа өсіру |