«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 551 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тізілімнің есепке алу объектілері (бұдан әрі - есепке алу объектілері) мыналар:
1) мемлекеттік заңды тұлғалар мен оларға бекітіліп берілген мүлік;
2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;
3) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;
4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;
5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері;
6) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген шағын өлшемді және өзен кемелері;
7) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары және ауыл шаруашылығындағы көлік құралдары;
8) мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензиялар мен рұқсаттар;
9) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген табиғи ресурстар кадастрларының объектілері;
10) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның заңды тұлғалар тізіміне сәйкес, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы іс қозғау жөніндегі шешімдер (шешімдердің көшірмесі) бойынша және заңды күшіне енген, жекелеген негіздер бойынша мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыруды көздейтін соттардың шешімдері (үкімдері, қаулылары) туралы мәліметтер.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: