Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 Қаулысы
(2024.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.21.02. № 7 Қаулысымен кріспесі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне, 17-1-бабының 9-тармағы бірінші бөлігінің алтыншы абзацына және 34-бабының 5-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне және 26-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 47-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне және 72-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабы 1-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.29.03. № 18 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)