«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 29 тамызда № 7837 тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 22 желтоқсан № 842-846 (27917) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс.».
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;