«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 37/420-VI шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 6427, 2019 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 356 857 401,5 мың теңге:
салықтық түсімдер - 39 536 183,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 575 631,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 315 745 586,7 мың теңге;
2) шығындар - 375 380 835,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 41 210 977,3 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 55 358 011,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 147 034,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -59 734 411,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 59 734 411,1 мың теңге:
қарыздар түсімі - 73 627 166,0 мың теңге;