«Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 200 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
Осы Үлгілік біліктілік талаптарының күші арнаулы атақтары берілетін азаматтық қорғау органдары лауазымдарына қолданылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. C-GP-3, C-OGP-2, C-OGP-3, C-KGP-1, C-OKGP-1, В-PK-3, В-PKО-2, C-SV-3, С-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-2, C-SGU-3, С-FMО-2 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс: