«Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 292 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) кешенді әуе кемесі (complex motor-powered aircraft) - ең жоғары ұшу массасы 5700 кг-нан асатын немесе жолаушылар креслоларының ең жоғары конфигурациясы он тоғыздан асатын немесе пайдалану үшін экипажы кемінде екі ұшқыштан тұратын, немесе турбореактивті қозғалтқышпен (немесе) қозғалтқыштармен немесе бірден артық турбовинтті қозғалтқышпен жарақтандырылған, немесе ең жоғары ұшу массасы 3175 кг-нан асатын тікұшақ, немесе жолаушылар креслоларының максималды конфигурациясы тоғыздан асатын немесе кем дегенде екі ұшқыштан тұратын экипажбен пайдаланылатын немесе айналмалы ротормен.»;
5 және 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кітап түріндегі авиация персоналы куәліктері авиациялық персоналдың санатына жатқызылуына қарай түс гаммасы мен серия-әріптік кодтау бойынша ерекшеленеді.
Авиациялық персонал куәліктерінің әріптік кодтары мен түстерінің кестесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.