ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 жарлығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:
| Айтмағанбет Мақсұтбек Дүйсенбекұлы | - | «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша), |
| Ахмурзина Ляззат Жексенбайқызы | - | «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша), |
| Әбибуллаева Аида Ибрагимқызы | | «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының директоры (келісім бойынша), |
| Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы | | Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, төрағаның орынбасары, |
| Бөрібаева Гаухар Асылбекқызы | | «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акңионерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша), |