«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қазандағы № 154 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларында:
3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалаудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі - БЦЖ) - пайдаланушылардың цифрлық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың, түлектер мен мамандардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған цифрлық платформа;
4) білім алушы - денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасын меңгеретін тұлға;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: