«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 272 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
20-тармақта:
10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалар алынып тасталсын.
мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асырады;
27) тиісті зертханалық практика саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді (әзірлеуге қатысады);
28) сәйкестікті міндетті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;