«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 45 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елушінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қабылданатын шешімдерді мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру;
салықтық әкімшілендіру кезінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдану;
салық мәдениетін арттыруға және салық тәртібін күшейтуге бағытталған іс-шараларды жүргізу;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;»;
15-тармақта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;»;
1-2) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: