Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығы
(2016.16.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 2016.16.02. № 195 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.;