«Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 95 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кiшi бөлiмi - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.
Бұл кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:
1010 - «Кассадағы ақша қаражаты» шоты мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған;
1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге шетелдік мекемелер алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ)» мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қайырымдылық көмектен алынатын, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша қаражатын, республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды: