«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 730 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1 бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Патент Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: