«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 13 Қаулысы
«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 81 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13598 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: