Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ СОТТЫҢ ҚАРАУЫНА ӘЗІРЛЕУ ТУРАЛЫ ҚАЗ...

Информация о документе
Датасуббота, 29 декабря 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 29 декабря 2012

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысы

(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін процессуалдық заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2012.29.12. № 6 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша АІЖК) істі соттың қарауына әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі 166-бабының 2-бөлігінде көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында судья арыздарды сот өндірісіне қабылдаған кезден бастап, сотқа берілген арыздардың дәлелдемелермен негізделгендігі АІЖК-нің 150 және 151-баптарының талаптарына сәйкес келуін ескеруге міндетті.

ҚР Жоғарғы Сотының 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 6 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом